Қазақстанда 27 мың науқас коронавирустан емделіп жатыр

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 27 қаңтардағы коронавирус инфекциясымен ауырып жатқандар туралы соңғы ақпаратты жариялады.

коронавирус.jpg

27 қаңтардағы мәлімет бойынша, 27 119 адам короновирус инфекциясынан (15 451 КВИ+ және 11 668 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 6 492 пациент стационарда, 20 627 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

Коронавирусқа шалдыққандар арасында: 

• 266 адамның жағдайы ауыр; 

• 39 пациенттің жағдайы өте ауыр; 

• 38 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.