Шымкентте туыстық бүйрек трансплатациясы жасалды

Screenshot_1.jpg

Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханада науқасқа бүйрек трансплантациясы жасалды. Туыстық трансплантация жасалған 1972 жылғы қала тұрғыны бір жылдан бері бүйрек жетіспеушілігі диагнозымен есепте тұрады. Денсаулық жағдайы нашарлаған науқас гемодиализ аппаратына қосылған.

Бүйрегінде ақауы бар 48 жастағы азаматқа қарындасы донор болды. Дәрігерлер 1986 жылғы азаматшаның бір бүйрегін хирургиялық жолмен алып, ағасына сәтті қондырды. Төрт сағатқа жуық жасалған ота сәтті шықты дейді дәрігерлер.

Айта кетейік, бүгінгі таңда қалада бүйрек жетіспеушілігі диагнозымен 800 науқас кезекте тұр. Биылғы карантинге байланысты трансплантация тоқтатылған еді. Тек қыркүйек айынан бастап қайта жалғасып, қазіргі таңға дейін 6 науқасқа ота жасалды.

Жалпы, Шымкент қалалық клиникалық ауруханада трансплантация қызметі қарқынды дамып келеді. 2013 жылдан бері мұнда 166 бүйрек алмастыру операциясы жасалған.