Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандар саны 200-ден асты
Қазақстанда коронавирустың тағы 11 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz
2020 жылдың 28 наурызында сағат 11:50-де Қазақстанда коронавирустық инфекцияның тағы 11 жағдайы тіркелді. Оның ішінде, Нұр-Сұлтан қаласында - 10 жағдай, Алматыда - 1 жағдай.
Бүгінгі таңда республикада коронавирустың 204 жағдайы расталды, оның ішінде 117 жағдай - Нұр-Сұлтанда, Алматыда - 58 жағдай, Қарағандыда - 4 жағдай, Жамбыл облысында - 3 жағдай, Атырау облысында - 4 жағдай, Ақмола облысында - 5 жағдай. Шымкент қаласында - 2 жағдай, Шығыс Қазақстан облысында - 2 жағдай, Алматы облысында - 4 жағдай, Ақтөбе облысында - 1 жағдай, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 жағдай, Павлодар облысында - 1 жағдай, Маңғыстау облысында - 1 жағдай, Қызылорда облысында - 1жағдай.