Шәйхана қонақтар үшін өзіндік стилімен ерекше

image.png

Түркістандық қоғамдық тамақтандыру қызметі нарығында бәсекелестіктің өте жоғары деңгейде екендігінде айтуға болады. Осы кезеңде мейрамхана шаруашылығын жүргізушілер арасында бәсекелестікті өзара реттеудің жолын іздестірген ғалымдар, мейрамхана бизнесінде бәсекелестікті жеңілдету үшін, әрбір тамақтандыру орталықтарының өзіндік бір-біріне ұқсамайтын, бірін-бірі қайталамайтын қызмет түрлерін ұйымдастыруы қажет деп тапқан. Осыған сәйке нарықта мейрамхана түрлерінің көптеген түрлері пайда бола бастаған. 

Мәселен "Түркістан" шәйханасы да қонақтардың арасында өзіндік стилімен ерекшеленеді. Бұл мекеменің аспаздық өнерінің ерекшелігі ет тағамдары болып табылады. Әрбір тағам - өзбек және қазақ, ұйғыр тағамдарының дәстүрлерін үйлесімді және заманауи аспаздық үрдістерді біріктіретін өнер туындысы. Шәйхана ішінде қазақы нақышты да, еуропалық үлгі мен батыс бояуларын да байқауға болады. Шәйхана иелерінің айтуынша, мұндай ерекше шәйхана келуші туристерге мүлде таңсық. Шәйхана қаладағы шығыс базары маңында орналасқандықтан болар мұнда туристер көптеп келеді. Туристердің келуімен негізінен қала мейрамханаларының әлеуеті артады. Себебі турист қалаға жұмсайтын қаражат сырттан келген қаржы болып есептеледі де, ол экономикаға едәуір үлесін қосады. Нарықтық экономика жағдайында қалада бірден-бір өндірістің әлеуметтік - экономикалық тиімділігін жоғарлатуға мүмкіндік беретін кәсіпорын қызмет көрсету саласы болып отыр.