Жедел жәрдем қызметінде жұмыс істеу - денсаулық сақтау саласындағы ең күрделі жұмыстардың бірі

Screenshot_5.png

Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы фейсбук парақшасында жедел және медициналық көмек қызметкерлерінің кәсіби мерекесмен құттықтады.

"Бүгін жедел және медициналық көмек қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Медицина қызметкерлеріне олардың кәсібилігі, батылдығы, шыдамдылығы мен мейірімділігі үшін алғыс айту күні.

Жедел және медициналық жәрдем қызметкерінің қолында - ондаған, тіпті жүздеген адам өмірі құтқарылғанын әрқайсымыз білеміз.

Жедел жәрдем қызметінде жұмыс істеу - денсаулық сақтау саласындағы ең күрделі жұмыстардың бірі. Ол жоғары біліктілікті, ұстамдылықты және жан-тәнімен берілуді, кез келген жағдайда және кез келген ауа-райында оған мұқтаж барлық адамдарға медициналық көмек көрсетуге ұдайы дайындықты талап етеді. Жедел жәрдем қызметкерлері әр минут сайын тұрғындарға медициналық көмек көрсетеді.

Жыл сайын облысымызда жедел және медициналық көмек қызметіне 700 мыңнан астам шақырту түседі. Қажетті көмекті уақытылы және сапалы көрсету үшін 2331 қызметкер тартылды. 

Күн сайын келіп түскен шақыруларға жауап ретінде 145 жедел медициналық көмек бригадасы шығады, оның ішінде 35-і мамандандырылған (дәрігерлік) және 105-і фельдшерлік. 

Қазіргі уақытта жедел медициналық жәрдем қызметі 22 дербес станциядан тұрады, оның иелігінде жетілдірілген дизайндағы санитариялық автокөліктің 170 бірлігі бар, медициналық  жабдықпен жарақтану деңгейі  100% – ды, GPS навигациясымен - 100%-ды құрайды".