Сыңғырла, соңғы қоңырау!

Түркістан облысы Созақ  аудандағы барлық мектептерде соңғы қоңырау соғылды. Соңғы қоңырау шарасы Түркістан облысы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, каранит талаптарын қатаң сақтай отырып ұйымдастарылды. 

image.png

Карантин режиміне байланысты аудан әкімі Салыхан Полатов ұстаздар мен оқушыларды, мектеп түлектерді соңғы қоңырау мерекесімен құттықтап, хат жолдады. 2020-2021 оқу жылында аудандағы 35 білім беру ошақтарында 15450 оқушы білім алды. Олардың ішінде 828 оқушы 11 сыныпты бітірді. Биылғы мектеп бітіруші түлектердің 72 оқушы «Алтын белгі» белгісіне, 56 оқушы үздік аттестатқа үміткер.

- Соңғы қоңырау үні балғын балалық шақпен қоштасып, болашаққа қанат қағатын мектеп бітіруші түлектер есінде - ең бір қымбат, ең бір қимас кез ретінде есте қалары сөзсіз. Осыдан он бір жыл бұрын мектеп табалдырығын аттаған жас бала, міне, бүгін үлкен өмірге қадам басып отыр. Осы күні түлектер он бір жыл білім алған алтын ұя- мектебімен қоштасып, ұстаздар әріп танытып, білім нәрін берген оқушыларын қанаттандырады. 

Мектеп табалдырығын «тарыдай болып аттап, таудай болып шығып тұрған» сендерді алда үлкен белестер күтіп тұр. Ұлттық Бірыңғай тестін сәтті тапсырып, ересек өмір айдынында өз орындарыңызды табуға шын көңілден тілектеспін, - делінген Созақ ауданы әкімі Салыхан Полатовтың түлектерге арнаған құттықтауында.

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Сыңғырла, соңғы қоңырау!