Мемлекеттің қолдауымен жеке кәсібін жандандырып отыр

30.jpg

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес және  аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен аудан көлемінде аз қамтамасыз етілген отбасылардың сумен аз қамтамсыз етілген жерлеріне тамшылатып суғару әдісін орната отырып, ол жерге көкөніс өсіріп, тұрмыс жағдайын жақсартуға басымдық берілген болатын. Бұл бағытта Түлкібас ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен арнайы семинарлар да ұйымдастырылды.

Нәтижесінде 98 отбасы өз үй іргелік жерлеріне тамшылатып суғару жабдықтарын орнатқан. Басым бөлігі атаулы әлеуметтік көмек алушы көп балалы аналар.

Бүгінгі кейіпкеріміз Түлкібас ауданына қарасты Түлкібас кентінің тұрғыны Тултебаева Гүзел. Өткен жылы мемлекет тарапынан 555 мың теңге қайтарымсыз грант алып, бүгінде үй іргелік жеріне көшет егу кәсібін жандандырып отыр.

Жұмыссыз отырған көпбалалы ана мемлекеттік қолдауды тиімді пайдаланып, үй іргесіндегі 3 соттық жерге тамшылатып суғару әдісін (израйльдік) орнатып, қызанақтың мол өнім беретін «Аякс» және «Супер страйм» сұрттары мен балгар бұрышының «Таня» көшеттерін өндіруде. Көшеттің үштен екі бөлігін яғни, жалпы 90 мың түптен аса көшеттің 75 мыңын 5-10 теңгеден сатуда. Ал, үштен бір бөлігін жолдасы екеуі 1 гектар жерді жалға алып, егкен. Сәтін салса, ағымдағы жылдың тамыз айында 1 гектар жерден мол өнім алуды көздеп отыр. Осылайша мемлекеттік қолдауды тиімді пайдаланған отбасы, тұрмыс жағдайын дұрыстап, болашаққа нық қадам баспақ.

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі