Шардарда ауруханасына оттегі концентраторын сыйға тартты

     Screenshot_6.jpg

 Шардара аудандық орталық ауруханасына жомарт жандардың демеушілігімен 10 оттегі концентраторы табысталды. Игі іске ықпал болған "ICC" мақта өңдеу компаниясы Қазығұрт және Төлеби аудандық орталық ауруханаларына да оттегі концентраторларын тарту еткен. Коронавирус инфекциясымен күресте аса қажетті дүниені қабылдап алған аудандық аурухананың бас дәрігері Нұржан Нөсеров демеушілерге бүкіл ұжымы атынан алғысын білдірді. Аудандық ауруханада оттегі концентраторларының саны осымен 40-қа жетті.

     Қазіргі таңда ауруханада коронавирус инфекциясымен ем қабылдап жатқан науқас жоқ. Ықтимал екінші толқынға дайындық тұрғысында аурухана 200-ге жуық пульсоксиметр, 9 дана ӨЖЖ аппаратымен қамтылған. 100 төсек орын орталықтандырылған оттегі нүктесімен жасақталған. Медициналық ұйымның қызметкерлері тарапынан коронавирусқа қарсы оперативті жоспар даярланды. Дезинфекциялық ертініділердің, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, жеке қорғаныс құралдарының және дәрі – дәрмек қоры толық жабдықталды. Covid-19 індетіне шалдыққан науқастарға медициналық көмекті көрсету үшін 16 мобильді топ құрылған.

     Аурухана 78 868  тұрғынға амбулаторлық және стационарлық көмек көрсетеді. 2018 жылдан бастап  триаж жүйесі енгізілген. Науқастардың ағымы едендердің түсіне сәйкес бағытталған. Қабылдау бөлімшесі лас аймаққа жатады. Құрамында  ересектер,  жүкті әйелдер мен балаларға арналған фильтр, манипуляциялық  бөлме, диагностикалық, қарқынды терапия палатасы, жедел зертхана,  акушерлік палаталар орналасқан.  Облыстық қоғамдық  денсаулық басқармасы  тарапынан   ауруханаға өткен жылы  берілген компьютерлік  томография  бүгінде  аудан тұрғындарының қажеттілігі үшін  қызмет көрсетуде.