1977 жылы британиялық Дэвид Перли «Формула-1» автожарысындағы апат нәтижесінде денесі 29 жерден сынып, 3 жерден шығып кетеді. Тіпті, жүрегі ауруханаға дейін алты рет тоқтап қалады.
Жер бетіндегі хирургиялық көмекке жүгінген ең кәрі адам – АҚШ-тың Хьюстон қаласының тұрғыны Джеймс Генри Бретт (кіші). Ол 111 жасқа толуына 105 күн қалған кезде жамбасына ота жасатқан.