ХХ ғасырдың басында бөртпе сүзек дерті жер бетін жайпап, майдандағы сарбаздар мен бейбіт тұрғындардың өмірін жалмады. Сүзек адамның шашында, киімінде жүретін бит арқылы жұғып отырған және оның емі жоқ еді.
Орта ғасырдағы ең қорқынышты хирургиялық ота ол трепанация болған. Хирургтар бас ауыратын, сондай-ақ жүйкесі сыр бере бастаған пациенттердің бас сүйегін тесетін болған. Сол заманда трепанацияға қажетті құралды остеотом деп атаған.
Сіңір созылуы – буын сіңірінің жарақаттанып зақымдануы. Көбіне жіліншік тобығының сіңірі жиі созылады. Сіңір созылуының белгісі – зақымданған жер қатты ауырады, ісіп кетеді. Сондай-ақ сіңір созылған жерге қан ұйиды.
Антибиотиктер пайда болғанға дейін кез-келген инфекция адам өміріне қауіп төндірді. Инфекцияның әсерінен пайда болатын тонзилитті орта ғасырда емдейтін препарат болмағасын оның соңы баспаға ұласып жататын. Ал баспаны емдеу тіптен мүмкін емес еді.