Оқушылар арасындағы үздік математик атықталды

Screenshot_3.png

Үшінші рет қатарынан Халықаралық Жәутіков олимпиадасының алтын медалін Алматыдағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептің оқушысы Таир Сатубалдин жеңіп алып, математиктер арасында ең үздік деп танылған.   

    Көптеген олимпиадалардың жеңімпазы мен жүлдегері атанып жүрген Таир 5 жасынан есеп шығара білген. Кішкентай Таиырды Бахыт Архиповна есімді күтушісі математикаға деген сүйіспеншілігін оятқан. Ал мектеп табалдырығын аттаған соң, математика ең  қызықты пәндерінің біріне айналған. Дарынды бала  7 сыныптан бастап Халықаралық жарыстарда бақ сынаған. Бүгінде қоржынында 20-ға жуық жеңісі бар. Былтыр Таирға «Астана IT университеті» тегін оқуға грант ұсынса, бүгінде «Hong Kong University of Science and Technology» жоғарғы оқу орнында білім алуға мүмкіндігі бар. Жалпы өзі АҚШ-тағы  «Massachusetts Institute of Technology» университетінде оқуды көздеп отыр. Оның айтуынша, ол онда білім алуына барын салмақ. 

   «Сөздің шыны керек мен Халықаралық жарысқа дайындалмай барып, алтын медаль иегері атандым. Маған I – кезең II- кезеңге қарағанда қиындау соқты. Мәселен, мен бірінші турға 4,5 сағатым кетсе, ал екінші турға 3 сағат уақытым жұмсалды. Енді алдағы өмірімді жоғары математикамен байланыстырығым келеді. Жоспарлар көп»,-деп сөзін аяқтады Таир Сатубалдин. 

   Халықаралық Жәутіков олимпиадасы-информатика, физика және математика пәндері бойынша 10-12 сынып оқушыларына арналған жыл сайынғы жарыс. Биыл тартысты додаға әлемнің 21 елінен 1178 оқушы қатысқан. Жалпы олимпиада 2005 жылдан бері Қазақстанда өткізіліп келеді.  Онлайн форматта екінші рет ұйымдастырылып отыр.