Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Шымкентке келді
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Мағрипа Ембергенова бастаған мониторинг тобы Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Жұмыс тобы қаладағы бірнеше медициналық ұйымдарды аралап, медициналық қызмет көрсету сапасына мониторинг жүргізді.
Айта кетейік, министрлік жанынан құралған мониторинг тобы қаладағы аналар мен балаларға медициналық көмек көрсететін босандыру ұйымдарында, көпбейінді ауруханаларда, БМСК ұймдарында, қалалық балалар клиникалық ауруханасында болды.Жергілікті медицина мамандарына бұл кездесу барысында ана мен балаға медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша ұсыныстар айтылды. Сондай-ақ ана мен баланы қорғау қызметінің және анестезиологиялық-реанимациялық, неонаталдық көмектің өзекті мәселелері бойынша дәрістер өткізілді.