Шымкенттегі дендросаябаққа Асанбай Асқаровтың есімі берілді

51.jpgҚалалық әкімдіктің мәліметінше, Шымкент қалалық мәслихатының ХІ сессиясында дендросаябаққа қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың есімін беру туралы ҚР Үкіметіне ұсыныс жіберілген болатын.Бұл ұсыныс Үкіметте қаралып, 23 қазанда қолдау тапты. Айта кетейік, Асанбай Асқаров 1978 жылдан 1985 жылға дейін Оңтүстік Қазақстан облысы обком партиясының бірінші хатшысы қызметін атқарған. Қаланың көрікті жерінің біріне айналған дендросаябақ та Асқаровтың тікелей атсалысуымен ашылып, халық игілігіне берілген.


Diagnews.Kz : Кез-келген материалды көшіріп пайдалануға тек Diagnews.kz сайтына гиперсілтеме қойылғанда ғана рұқсат етіледі.Diagnews.Kz