​Түркістанда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған рейдтік шара өтті

42.jpgБірлескен рейдтік шараның негізгі мақсаты - заңсыз жолаушы тасымалымен айналысатын автобус және шағын автобус көліктерінің жұмысын қадағалау, заңсыз тасымалға тосқауыл қою және заңдастыру болып табылады. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған рейдтік шара тұрақты түрде әр айда екі-үш рет өткізілсе, тоқсаны мен жылына үш-төрт рет өткізілуі жолға қойылған. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жолаушылар көлігінің бас маманы Әлмұхаммет Сейдмұхтардың айтуынша рейд барысында ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі» 571 бабы 2-тармағы бойынша қоғамдық көліктерге 8 әкімшілік хаттама түзілді. Бұған дейін Арыс қаласы, Қазығұрт, Сарыағаш, Жетісай, Созақ аудандарында тоғыз рет рейдтік шара ұйымдастырылған. Келесі кезекте рейд жұмысы тұрақты түрде өткізіліп, облысымыздың аудан-қалаларында жалғасын таппақ.


Diagnews.Kz : Кез-келген материалды көшіріп пайдалануға тек Diagnews.kz сайтына гиперсілтеме қойылғанда ғана рұқсат етіледі.Diagnews.Kz