Астанада жас жігіт жоғары қабаттан секіріп кетті: өлер алдында хат жазып қалдырған

123.jpg

Астана полициясы департаменті жас жігіттің жоғары қабаттан секіріп кеткенін растады. Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

"Марқұмның кім екені анықталды. Қажетті сараптамалар белгіленді. Өлер алдында жазған хаты бар", — деп мәлімдеді Астана полициясы департаментінің баспасөз қызметі.

Басқа ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.



Diagnews.Kz : Кез-келген материалды көшіріп пайдалануға тек Diagnews.kz сайтына гиперсілтеме қойылғанда ғана рұқсат етіледі.Diagnews.Kz