Ит көлік жүргізіп келе жатқан қожайынына оқ атты

1010.jpg

Оқиға Американың Нью-Мексико штатында болған. Чарли есімді ит көлік жүргізіп келе жатқан аңшы қожайынына оқ атты. Ит көліктің артқы орындығында оқтаулы жатқан мылтықты абайсызда басып қалғанда, оқ иесінің арқасына тиген. 

74 жастағы Сонни Гиллиган ұялы телефонмен жедел жәрдем шақырып үлгерген. Көп қан жоғалтса да, дәрігерлер аңшыны аман алып қалды. Гиллиганның оқ жарақатынан қабырғалары мен бұғанасы сынған, деп жазады life.ru.

"Телефонға қолым жеткені жақсы болды. Егер дәрігерлер тағы он минутқа кешіккенде, мен өліп қалар едім", — дейді Гиллиган. 

Қазір аңшы Эль-Пасо ауруханаларының бірінде ем қабылдап жатыр. Ал оның иттері уақыттша жануарлар үйіне жіберілген. Гиллиган итіне еш өкпесі жоқ екенін айтады.



Diagnews.Kz : Кез-келген материалды көшіріп пайдалануға тек Diagnews.kz сайтына гиперсілтеме қойылғанда ғана рұқсат етіледі.Diagnews.Kz