Қазақстанда ауа райы 28 градусқа дейін жылынады

Screenshot_25.jpg

25-27 қазан аралығында мемлекет территориясында ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды "Қазгидромет".

Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның батысына Поволжья өңірінен атмосфералық фронттар келеді. Осының әсерінен аталған аймақта жауын жауып, ауа температурасы төмендейді.

Республиканың қалған территориясында алдағы екі тәулікте ауа райының жылы болуына әсер ететін антициклондар сақталады. Ең жоғары температура оңтүстік және оңтүстік-шығыста +18, +23 градус, кей жерлерде +28 градусқа дейін барады. Тек 27 қазан күні солтүстік, орталық және оңтүстік облыстарда атмосфералық фронттардың келуіне байланысты жаңбыр жауады. 

25 қазанда Астанада күндіз ауа температурасы +7, +9, кешке —1 және +1 градус болады. 26 қазан күні күндіз ауа температурасы +10, +12 градустан асса, түнде —1, +1 градусқа дейін төмендейді.

Алматыда күндіз ауа температурасы +18, +20, ал түнде +5 және +7 градус болады. Ал 26 қазан күні күндіз ауа температурасы +20, +22 градусқа дейін жоғарыласа, түнде +6, +8 градусқа дейін түседі.





Diagnews.Kz : Кез-келген материалды көшіріп пайдалануға тек Diagnews.kz сайтына гиперсілтеме қойылғанда ғана рұқсат етіледі.Diagnews.Kz