Теміржолда тұрған 59 адамды пойыз басып өлтірді

Screenshot_5.jpg

Үндістан билігі Амритсар қаласында пойыздың астында қалған адамдардың саны қанша екенін нақтылады. Reuters басылымының хабарлауынша, апаттан 59 адам көз жұмған.

Соңғы мәліметтер бойынша, тағы 57 адам әртүрлі жарақат алған. Билік өкілі апаттың неліктен болғанын түсіндірмеді, тек әзірге тексеріс жұмыстарының жүргізіліп жатқанын айтты.

Апат 19 қазан күні Дашахра мерекесін тойлау кезінде болған. Бұл мереке жақсылықтың жамандықты жеңуінің символына айналған.

Бір топ адам осы сәтте теміржолда Равана тұлыбына қарап тұрған.

Куәгерлердің айтуынша, жақындап қалған пойыздың дауысы шытырлап жанып жатқан от пен шудан естілмей қалған.



Diagnews.Kz : Кез-келген материалды көшіріп пайдалануға тек Diagnews.kz сайтына гиперсілтеме қойылғанда ғана рұқсат етіледі.Diagnews.Kz