Айқын анасын ренжітіп алғанын айтып көзіне жас алды

Screenshot_3.jpg

Айқын Төлепберген алғаш рет ата-анасының екінші әйел алуына қандай көзқараста болғанын айтып берді. Бастапқыда ата-анасы бұған қарсылық білдіріп, тіпті, анасы ренжіп жылаған екен.

Жуырда әнші отандық бағдарламалардың бірінде алғаш рет тоқал алғаны туралы және бұл жаңалықты өзінің отбасы мүшелері қалай қабылдағанын ашық айтты. Бастапқыда ата-анасы қарсылық білдіріп, немерелерінің тағдыры үшін алаңдаған.

"Өмірде анам мен әкемді бірдей жақсы көремін. Сол сәтте әкем ұрысты, анам ренжіді. Артынша жылап-жылап қойды. "Ана, Әсел қасымда болады. Ешкім ешқайда кетпейді. Күнде қалай көріп жүрсеңдер, әрі қарай да солай көресіңдер" деп сендірдім", — деді әнші Астана арнасының "" бағдарламасында.

Осыдан кейін Айқын көзіне жас алып, түсірілім кезінде су беруді өтінді. Айтуынша, әке-шешесі туралы айтқан кезде еріксіз толқиды.



Diagnews.Kz : Кез-келген материалды көшіріп пайдалануға тек Diagnews.kz сайтына гиперсілтеме қойылғанда ғана рұқсат етіледі.Diagnews.Kz