Цифрлық коммуникацияның жоғалуы денсаулық сақтау саласына кері әсер етуі мүмкін

Без названия.jpg

Санитарлық жағдайы жоқ, кедей елдерде инфекция жиі тарайды. Сонымен қатар мұндай жерлерде суық тиюдің өзі өлімге апаруы мүмкін. ВВС басылымының жазуынша, жаңа медициналық технологиялар инфекциямен күресу үшін таптырмайтын құралға айнала алады.

«Жаңа технологиялар ауруға шалдыққан адамдарды аман алып қалуға көмектесетін болады. Мысалы, Гарвардтағы ракты зерттеу институты инсулинді инесіз салуға болатын әдіс тапты. Сонымен қатар микробқа қарсы краскалар да жасалып жатыр» деп жазады автор. Оның айтуынша, бүгінгі нарықта жалған дәрілер өте көп кездеседі және оларды түрнұсқадан ажырату мүмкін емес. «Біз Wi-Fi-ды қажеттіліктердің бірі ретінде қабылдаймыз. Бірақ интернет байланыс болмаса, цифрлық коммуникацияның жоғалуы денсаулық сақтау саласына кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан болашақта медицина саласындағы жаңа технологиялардың көп пайдасы тиетін болады» деп жазады автор.


www.inform.kz