Медициналық қызмет сапалы және қолжетімді болуы керек

Медициналық қызмет сапалы және қолжетімді болуы керек. Бұл туралы БҚО-ға жұмыс сапарымен келген ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.20180420133130.jpg

Елбасы тапсырмасына сәйкес медициналық қызметтің сапалы да тез көрсетілуіне барынша мән берілуде. Сондай-ақ ол кез келген тұрғынға қолжетімді болуы тиіс.

– Қазіргі таңда қағазсыз құжат айналымына көшудің маңызы зор. Осыған орай Батыс Қазақстан облысында пилоттық жоба қолға алынып, соның жүзеге асырылу барысымен таныстық. Барлық дерек компьютерде тұратындықтан, дәрігерлер қағазбастылықтан арылып, науқастармен тікелей жұмыс жасауға мүмкіндік алады, – деді ол.

Министрдің мәлімдеуінше, жедел медициналық қызмет халықаралық талаптарға сай болуы керек. Елімізде жедел жәрдемге жүгінетіндер көп. Өкінішке қарай, кейбір көрсеткіштер басқа мемлекеттерге қарағанда, төмендеу. Сондықтан еліміздегі барлық облыстық ауруханалардың қабылдау бөлімшелері жаңғыртылып, мамандар оқытылып, триаж жүйесіне көшеді. Яғни мұнда келген науқастар үш санатқа бөлінеді. Соның ішінде ең ауыр жағдайдағы адамдарға айрықша көңіл бөлініп, соған сәйкес қызмет көрсетіледі.

Жылдың соңына дейін Қазақстанның барлық медицина ұйымдарын қағазсыз жұмыс жасауға көшіру жоспарланған.


Diagnews.Kz : Кез-келген материалды көшіріп пайдалануға тек Diagnews.kz сайтына гиперсілтеме қойылғанда ғана рұқсат етіледі.Diagnews.Kz