Елімізде информатика пәні 1 сыныптан бастап оқытыла ма?

Елімізде информатика пәні 1 сыныптан бастап оқытыла ма?

Мектептерде информатика пәнін бірінші сыныптан оқыту мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы мәжілістегі үкімет сағатында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты.

"Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ОЭСР) елдерінде көп бағдарламалар бірінші сыныптап бастап оқытылады. Бізде информатика пәні мектепте бесінші сыныптан бастап оқытылады. Ал биыл үшінші сыныптан басталады.Сонымен қатар 1-5 сыныптарда информатика пәніндегі программалау тілдері қайта қарастырылатын болады. Программалау тілдері тез өзгеріп отырады. Сондықтан біздің балалар ең соңғы программалармен оқуы керек болып тұр", — деді Сағадиев білім беру саласындағы цифрландыру мәселесіне арналған үкімет сағатында. 

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, қазіргі уақытта информатика пәнін бірінші сыныптан оқыту мәселесі қарастырылып жатыр. 

"Информатиканы оқытуды бірінші сыныптан бастап енгізу мүмкіндігі бойынша сарапшылармен жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазір жоба жасалып, әрі қарай бұл мәселе қоғам мен мұғалімдермен талқыланатын болады", — деді министр.


Diagnews.Kz : Кез-келген материалды көшіріп пайдалануға тек Diagnews.kz сайтына гиперсілтеме қойылғанда ғана рұқсат етіледі.Diagnews.Kz